Жол-көлік оқиғалары туралы клиенттер үшін маңызды ақпарат 03.01.2025 ж
Құрметті тұтынушы! «АСКО» сақтандыру компаниясы 2025 жылдың 3 қаңтарында Астана-Щучинск бағытында 99 көліктің қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өтеуге өтініштер қабылдайды.Сақтандыру төлемдерін алу үшін қажетті барлық рәсімдер мен құжаттар туралы қосымша ақпаратты Компанияның веб-сайтынан немесе 5670 байланыс-орталығына жәнеде кез келген аймақтық бөлімшеге хабарласу арқылы алуға болады.
Жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерін, оның ішінде тікелей есеп айырысу арқылы жүзеге асыру үшін Сізге «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттар пакетін ұсыну қажет. Барлық сұрақтар бойынша қолжетімді контактілер арқылы, соның ішінде Компанияның 5670 байланыс орталығына хабарласа аласыз.
