Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдерін және дауыс беру нәтижелерін жариялау туралы
Осы арқылы «АСКО» СК АҚ акционерлеріне 2026 жылғы 24 тамызда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер және олар бойынша дауыс беру нәтижелері туралы ақпараттың қаржылық есептілік депозитарийінің веб-сайтында жарияланғанын хабарлаймыз.
2026 жылғы 24 тамызда өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы Компанияның атқарушы органында сақталады және акционерлердің кез келген уақытта қарауына ұсынылады.
