Жаңалықтар

eGov mobile-дегі сіздің электронды сақтандыруыңыз

2023 ж. 16 наурыз

Цифрлық қызмет енді одан да ыңғайлы болды! 

Енді қазақстандықтар КҚИ АҚЖМС сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын eGovmobile  цифрлық құжаттар қызметінің қосымшасында пайдалана алады.

Сақтандыру полисі қағаз құжатпен тең  ресми заңды күшке ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің жарамдылық мерзімі және т.б. туралы ақпаратты құрайды.

Цифрлық сақтандыру ыңғайлы, себебі оны кез келген уақытта тексеруге болады, мысалы, оның жарамдылық мерзімін, растығын, қандай сақтандыру компаниясында рәсімделгенін және басқа да деректерді.