Үйді сақтандыру неліктен маңызды
ТҰРҒЫН ҮЙДІ САҚТАНДЫРУ
Пәтер немесе үй – біздің жайлылығымыздың кепілі және біздің жетістігіміздің символы. Оларға көп күш, ақша, уақыт пен эмоциялар салынған. Ал қымбат және бағалы нәрсені сақтап, қорғағын келеді. Заманауи жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, жаңа жиһаз бен тұрмыстық техниканы сатып ала отырып, әрбір тұрғын үй иесі күтпеген жағдайларда өз мүлкін қалай сақтау және қорғау керектігі туралы бірнеше рет ойланады.
Біз күнделікті өмірде туындайтын тәуекелдерді азайтудың заманауи тәсілін ұсынамыз – жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру. Егер қиындық туындаса, сақтандыру мен сақтандыру төлемдерінің көмегімен сіз үйді толық немесе жартылай қалпына келтіре аласыз, пәтерге және басқа тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізе аласыз, жойылған жиһаз бен техниканың орнына жаңасын сатып ала аласыз.
Артықшылықтары:
- Меншік иелеріне және тұрғын үйді жалдаушыларға қолайлы
- Үйді немесе пәтерді үй мүлкімен сақтандыру мүмкіндігі
- Сақтандыру полисіне азаматтық жауапкершілікті енгізу
Пәтерді немесе үйді неден сақтандыруға болады?
Егер пәтер немесе үй төмендегілерден зардап шексе, сақтандыру полисі қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының шығындарын өтейді:
- өрт және жарылыс (отпен абайсызда жұмыс істеу және пәтерде тез тұтанатын заттарды сақтау жағдайларын қоспағанда);
- пәтерлерді сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы, өрт сөндіру жүйесі жұмысындағы ақаулық немесе жоғарыдағы көршілердің әрекеттері нәтижесінде су басу;
- табиғи апаттар (найзағай соғу, дауыл, жер сілкінісі, су тасқыны және басқалар);
- ұрлық, тонау, бұзақылық, вандализм және басқа да заңсыз әрекеттер.
Сақтандыру қорғанысы келесілерге қолданылады:
- Үй жылжымалы мүлкі (жиһаз, тұрмыстық техника және аспаптар, интерьер заттары);
- Құрылымдық элементтер (қабырғалардың, жабындардың, арақабырғалардың беттерін әрлеу, оқшаулау және сәнді материалдармен жабу);
- Жылыту, электр, газ және сумен жабдықтау, кәріз, желдету және т.б. жүйелерінің инженерлік жабдықтары мен коммуникациялары;
- Бағалы мүлік (картиналар, бірегей және антикварлық заттар, бағалы металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ сіздер үшін ерекше құнды жеке мүлік);
- Көршілер алдындағы азаматтық жауапкершілік (басқа біреудің мүлкіне келтірілген залал, мысалы көршілерді су басу).
Пәтерді немесе жеке үйді сақтандыру үйіңізде не болып жатқандығы туралы аз уайымдауға көмектеседі: суды өшірдіңіз бе, көршілердің сымдары жарамды ма немесе ұрлықшылар терезеден кірді ме.
Сақтандыру полисі жеке рәсімделеді және көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына да, жеке жылжымайтын мүлік иелеріне де жарамды.
Сіз сақтандыруды 12 айға рәсімдей аласыз, сондай-ақ сіздің демалыс уақытыңызда ғана жарамды қысқа мерзімді сақтандыруды сатып ала аласыз.
Икемді баға
Пәтерге, қамту сомасына және сақтандыру мерзіміне байланысты құнын таңдаймыз
Уақтылы төлемдер
Пәтермен немесе үймен өрт, су басу және басқа да қиындықтар кезінде келтірілген залалды кідіріссіз өтейміз
5670 нөмірі бойынша тәулік бойы байланыста (ұялы телефоннан, тегін)
Біз сізге сақтандыру оқиғасы кезінде көмектесеміз және не істеу керектігін айтамыз
https://asko.kz/special-offers/pod-klyuch/form сілтемесі бойынша онлайн-өтініште телефон нөміріңізді қалдырыңыз және біз сізге барлығы туралы толығырақ айтамыз немесе +7 701 527 40 57 телефоны арқылы кеңес алыңыз
Сондай-ақ қаламызда орналасқан біздің компанияның кеңсесіне жүгіне аласыз https://asko.kz/contacts