Жаңалықтар

Автомобильді қалай сенімді қорғауға болады

2024 ж. 25 наурыз

Сіз үшін қымбат нәрсеге қамқорлық. «АСКО-дан КАСКО» автосақтандыруы.

Біз өзімізге қымбат нәрсеге қамқорлық жасай отырып, өмір сүру сапасын жақсартуға және күнделікті уақытымызда жолда жиі кездесетін айқын тәуекелдерді қамтамасыз етуге тырысамыз.   Сіздің автокөлігіңіз ЖКО бүлінулерден, табиғи апаттардан, айдап әкетуден, бөлшектерін ұрлаудан және басқа да көптеген тәуекелдерден қорғалған ба? Автоиеленушілер көбінесе өте қымбат ативті тәуекелге қояды, себебі ұқыпты жүргізу сыртқы қауіптерден қорғамайды. Сақтандыру – біздің еліміздегі әрбір адамның жайлы өмір сүруі үшін қажеттілердің бірі.

Көптеген әуесқой автоиеленушіде мынандай сұрақ туындайды: егер КҚИ АҚЖМ міндетті сақтандыру болса, КАСКО жасау қажет пе? Және олардың айырмашылығы неде?
КҚИ АҚЖМ – бұл көлікті емес, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру. Бұл ЖКО жағдайында сақтандыру компаниясы АҚЖМ сақтандыру иесінің автокөлігіне залал келтірген үшінші тұлғаның автокөлігін жөндеуді өтейді дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес КҚИ АҚЖМ полисі әрбір автоиеленушіде болуы тиіс. Оның болмауы немесе мерзімі өткені үшін айыппұл салынады.
КАСКО ерікті сақтандыру бола отырып, сақтанушының автокөлігін ЖКО кезіндегі залал болсын, айдап әкету немесе бүліну болсын, кез келген шабуылдан қорғайды. Сәйкесінше, осы полистің бағасы жоғары, ал олармен өтелетін тәуекелдер әлдеқайда маңызды. «Каско» ұғымы испанша casco сөзінен шыққан, ол «дулыға» немесе нидерланша casco – «корпус» деп аударылады.

«АСКО» сақтандыру компаниясы автоиеленушілерге Қазақстанның сақтандыру нарығында клиенттердің сұраныстары мен тілектерін ескере отырып, әзірленген «АСКО-дан КАСКО» инновациялық өнімін ұсынады. Ол ерікті қызмет көрсетудің мүлдем басқа тәсілін – автоиеленушіге тек өзіне қажетті опцияларды таңдау құқығын қарастырады. Сондай-ақ қашықтықтан, бірнеше рет басу арқылы клиент өзінің «КАСКО-сын АСКО-дан» автоиеленушінің пікірі бойынша оның автокөлігіне ұшырамауы мүмкін тәуекелдер үшін артық төлемсіз жинай алады. Таңдау үшін қолайлы тарифтер мен 3/6/12 айға ыңғайлы бөліп төлеу, сондай-ақ эвакуатор қызметтерін, қозғалтқышты іске қосуды, дөңгелектерді ауыстыру мен үруді, жанармай тасымалдауды, автоны эвакуациялау кезінде трансферді, техникалық және заң кеңестерін, сондай-ақ автокөліктің компьютерлік диагностикасын қамтитын «жолдағы техникалық көмек» опциясы қолданылады. «АСКО-дан КАСКО» бағдарламасында клиенттердің барынша ыңғайлылығы үшін қосымша артықшылықтар жиынтығы көзделген: шектеусіз сақтандыру аумағы; 300 000 теңгеге дейінгі залал бойынша жол полициясының құжаттарынсыз төлеу; амортизациялық тозуды шегермей төлеу; басқаруға құқығы бар тұлғалардың шектеусіз санымен сақтандырылған автокөлікті басқару. Сондай-ақ «АСКО-дан КАСКО» бағдарламасының артықшылықтары полистің ыңғайлы және тиімді қолданылу мерзімдерін қарастырады, қолданылудың ерікті жарамдылық мерзімін белгілеу не ұсынылған нұсқалардың ішінен таңдау мүмкіндігі бар – сақтандыруды 5 күнге немесе 1 айдан 12 айға дейін рәсімдеуге болады.

«АСКО-дан КАСКО» сақтандыруы қандай жағдайда ең өзекті болады?
- Жүргізу стилі. Ағынмен жылдам және белсенді маневр жасағанды ұнататындар басқаларға қарағанда кішігірім ЖКО жиі ұшырайды, және оларға «АСКО-дан КАСКО» қажет.  Екінші жағынан ұзақ мерзімді апатсыз тәжірибесі бар ұқыпты жүргізушілерге сақтандыру компаниясы керемет жеңілдіктер ұсына алады.
- Автокөлік құны. Қымбат көліктер мен жөндеу жұмыстары арзанға түспейді. Автокөлікті сатып алу сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым «АСКО-дан КАСКО-ны» рәсімдеу және күтпеген шығындарды болдырмау тиімдірек болады.  
- Қаладағы жолдардың кептелісі және сапасы. Жол жабынындағы тығыз трафик, шұңқырлар мен ойдымдар – бұл факторлар көлік жүргізу кезінде зақымдану ықтималдығын арттырады.
- Қаладағы криминогендік жағдай. Егер елді мекенде автокөлікті айдап әкету және ұрлық бойынша статистика нашар болса - «АСКО-дан КАСКО» рәсімдеу керек.
- Автонесиенің болуы. Несиелік автокөлікті сатып алу үшін кейбір жағдайларда «АСКО-дан КАСКО» сақтандыру полисі міндетті болады. ЖКО кезінде оның болуы жөндеуге және  несиені төлеуге жұмсалатын шығындарды болдырмауға көмектеседі.

«АСКО-дан КАСКО» сақтандыру полисінің құнын есептеуге немесе қажетті шарттар мен опцияларды таңдау арқылы онлайн-өтінішті https://asko.kz/kasko сілтемесі бойынша қалдыра аласыз

КҚИ АҚЖМ автоиеленушілерінің міндетті сақтандыруын https://asko.kz/auto сілтемесі бойынша немесе 5670 тәулік бойғы колл-орталыққа жүгіне отырып, рәсімдей аласыз.

 

Жолыңыз болсын!