Жаңалықтар

«Еурохаттама» мобильді қосымшасын іске қосу

2024 ж. 1 қаңтар

Сақтандыру ұйымдары мен клиенттер арасындағы өзара әрекетті өзгертетін  қаржы нарығын және сақтандыру ұйымдарын реттеу мен дамыту жөніндегі Агенттіктің көмегімен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Еурохаттама» мобильді қосымшасын іске қосу.

«Еурохаттама» пайдаланушыға жол полициясының қатысуынсыз кінәлі және залалдың мөлшері белгілі болған жеңіл апаттар жағдайларында ЖКО рәсімдеу мүмкіндігін береді. Қосымшаны App Store немесе Google Play-ден жүктей отырып, сақтандыру жағдайын Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоса отырып, жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да дербес рәсімдей алады.

Қандай шарттарда Еурохаттама қолданылады? 

• Жәбірленушінің жөндеу сомасы 2024 жылға 369 мың теңгеден (100 АЕК жоғары емес) аспайды;

• Азаматтардың өміріне немесе женсаулығына залал келтірілмеген;

• ЖКО нәтижесінде көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке залал келтірместен);

• Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;

• Жүргізушілер арасында зақымдану тізбелеріне және жол апатының жағдайларына қатысты келіспеушіліктер жоқ;

• ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар Базасында тіркелген.

 

Рәсімдеу кезеңдері:

• Қатысушылар мобильді қосымшада авторизациядан өтеді;

• ЖКО-ның күнін, уақытын және орнын көрсетеді. 

• ЖКО-на кінәлінің және жүргізушінің мәліметтерін енгізеді.

• Көлік құралының мәліметтерін енгізеді: жүрілген жолы, VIN-код. 

• Көшені және мемлекеттік нөмірімен төрт жағынан көлік құралын жалпы фотосуретке түсіреді.

• Зақымдалу орнын белгілейді.

• Жүйеден растауды күтеді.

Барлық қажетті құжаттар, апат координаттары және зақымдану фотосуреттері қосымша арқылы өзгертілмеген түрде бірыңғай жүйеге автоматты түрде беріледі.  Бұл мәліметтерге осындай өтініштерді тезірек өңдей алатын сақтандыру компаниялары қол жеткізе алады. Бұл ретте жәбірленуші тарап сақтандыру төлемін алу үшін құжаттардың стандартты жиынтығын жинаудан босатылады. Төлем мақұлданған жағдайда орта есеппен 6 күн ішінде түседі. 

Еурохаттама туралы толығырақ ақпаратпен әзірлеушінің http://ipgf.kz сайтында таныса аласыз.

Рәсімдеу жөніндегі бейне нұсқаулық  https://www.youtube.com/watch?v=Rzjk_jIkDOU
Рәсімдеу жөніндегі жадынама Европротокол