Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз
Әлемнің барлық мұсылмандары үшін қасиетті Құрбан-айт мерекесімен құттықтаймыз!
Құрбан-айт мәңгі адами құндылықтарды: бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмекті нығайтатын мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде Құрбан-айтты тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды орын алады.
Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, өркендеу мен амандық тілейміз!
