Жаңалықтар

01.01.2024ж. бастап автосақтандырудағы өзгерістер. Еурохаттаманы және онлайн реттеуді енгізу.

2023 ж. 21 желтоқсан
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін реттеудің оңайлатылған рәсімі, сондай-ақ Еурохаттама енгізіледі. 
Еурохаттама өз негізінде жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз және декларацияны электронды түрде толтыру арқылы сот шешімін шығару жүзеге асырылатын жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы құжаттарды оңайлатылған рәсімдеуді ұсынады.
 
Сақтандыру жағдайын реттеудің қолданыстағы тәртібімен қатар тиісті шарттар кезінде Еурохаттаманы қолдану ұйғарылады:
ЖКО екі көлік құралының соқтығысуы нәтижесінде орын алады;
ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушыларының көлік құралдарына ғана зиян келтірілді (өміріне және денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған кезде үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шеккен жоқ);
ЖКО қатысушыларының екеуінде де қолданыстағы сақтандыру полисінің болуы;
ЖКО қатысушыларында ЖКО-на кім кінәлі деген мәселеде келіспеушіліктердің болмауы;
ЖКО рәсімдеу декларацияны толтыру жолымен сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылады;
сақтандыру залалының мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК-тен аспайды.
 
Маңызды: Көлік оқиғасының қатысушылары сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін беру туралы және сақтандырушының көлік оқиғасын тіркеу кезінде көрсетілген қатысушылардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне декларацияны қабылдауы туралы деректер қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан электрондық ақпараттық хабарлама алғанға дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуі тиіс.
 
Осылайша, бұл рәсім ЖКО рәсімдеу және жәбірленушілердің сақтандыру төлемін алу мерзімін айтарлықтай қысқартады.
Еурохаттаманы енгізу сақтандыру төлемдерін алу рәсімін оңайлатуға, біріңғай мобильді қосымшаны пайдалана отырып, барлық процесті цифрландыруды қамтамасыз етуге, ЖКО рәсімдеу кезінде жолдарда кептелістердің пайда болу санын азайтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру төлемдерін онлайн реттеуді енгізу сақтандыру төлемін алу рәсімін едәуір оңайлатуға мүмкіндік береді. Клиент сақтандыру компаниясының сайты арқылы сақтандыру төлемін алу үшін өтініш және қажетті құжаттарды тапсыра алады және кеңсеге бармай-ақ, банк карочкасына төлем ала алады.