Қызмет түрлері
- Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру қызметінен өзге, келесі қызмет түрлерін іске асыруға міндетті:
- Заңмен белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызмет;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайда және тәртіпте құнды қағаздар нарығында инвестициялық потрфельді басқару бойынша қызметті іске асыру лицензиясы негізінде инвестициялаудан алынған табыстарды (шығынды) және инвестициялау мақсатында сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйақысының жартысы есесінен қалыптасқан активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару бойынша қызмет;
- Тиісті жинақтау сақтандыру шартымен қарастырылған сатып алу сомасы шегінде өз сақтанушыларына қарыз беру («өмірді сақтандыру» саласында қызметін іске асырушы сақтандыру ұйымы үшін );
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сату;
- Сақтандыру және сақтандыру қызметі бойынша арнайы әдебиетті кез келген ақпараттық нұсқада сату;
- Өз қажетіне (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) сатып алынған немесе оның иелігіне сақтандыру шартын жасауға байланысты (сақтандыру ұйымы үшін) келіп түскен мүлікті сату немесе жалға беру;
- Сақтандыру қызметімен байланысты сауалдар бойынша кеңестік қызмет ұсыну;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың кәсіптік дәрежесін жоғарылату мақсатында оқуды ұйымдастыру және жүргізу;
- Сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығы;
- Заңның 13 бабымен қарастырылған талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға;
- Сақтандыру ұйымдары немесе сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін іске асырушы өзге заңды тұлғалар арасында біріккен қызмет туралы шарт негізінде іске асыратын ассистанс қызметі;
- Сақтандыру төлемдерінің кепілдік жүйесіне қатысу шегінде Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған қызмет.