Корпоративное управление

Компанияның міндеті мен құндылықтары

Міндеттерi

«АСКО» өз клиенттері үшін сенімді серіктес болуға және олардың өсуіне әсерін тигізеді.

Мақсаттары

  • Сақтанушыларды келеңсіз жағдайлар салдарынан жоғары сападағы және кең түрдегі сақтандыру қызметін ұсыну арқылы қорғау;
  • Жағымды іскерлік беделі арқылы сақтандыру нарығының үлесін ұлғайту.

Жұмыс принциптері

  • Клиенттердің қажеттіліктері мен қаржы мүмкіндіктерін оларды толық қанағаттандыру мақсатында үнемі зерттеу;
  • Компания қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштерінің теңдестірілген өсімі;
  • Компанияның мақсатына жету үшін барлық деңгейдегі қызметкерлердің кәсіптік қабілеттерін тиімді пайдалану және олардың шығармашылық әлеуетін пайдалану;
  • Сақтандыру заңдарының нормаларын және компания саясатын  сақтау;
  • Стратегиялық мақсаттарға жетуге кедергі келтіруі мүмкін тәуекелдердің жағымсыз салдарын дер кезінде анықтау және оларды бейтараптандыру;
  • Жаңа ақпараттық технологиялардың үстемдігін пайдалану;
  • Компанияның бәсекеге қабілеттілігін және оның көрсететін қызметтерін үнемі арттыру; 
  • Ұсынылатын сақтандыру қызметінің сапасы мен бағасының үйлесімді ара-қатынасын қалыптастыру.

Біздің үстемдіктер

Сенімділік - «АСКО» СК сақтандыру нарығында 30 жылдан астам уақыт жұмыс атқарады.

Қаржылық тұрақтылық - «АСКО» СК жұмыс көрсеткіштері оның серпінді өсімі мен тұрақтылығын сипаттайды.

Ыңғайлылық - «АСКО» СК дамыған аймақтық желісі Қазақстанның кез келген аумағында сақтандыру шарттарын жасап, қайта жасауға мүмкіндік береді.

Жылдамдық - «АСКО» СК тәулік бойы жұмыс  жасайтын Call-орталығы тәулігіне 24 сағат пайда болуы мүмкін сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді, ал апаттық комиссарлар қызметі- сақтандыру жағдайлары мен шығындарды өтеу бойынша мәселелерді жедел реттейді.

Қол жетімділік - «АСКО» СК ұсынатын тиімді сақтандыру шарттары толық көлемде әр түрлі деңгейдегі клиенттердің қажеттіліктері мен қаржы мүмкіндіктерін есептеп қанағаттандырады.