Жаңалықтар

КҚИ АҚЖМС онлайн сақтандырудың енгізілген түзетулері жөніндегі ақпарат

2022 ж. 12 қыркүйек

Құрметті, клиенттер!
Сіздерге "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі №138-VII Қазақстан Республикасының Заңына КҚИ АҚЖМС (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) Заңының 20-бабына өзгерістер енгізілгендігін хабарлаймыз - енгізілген түзетулермен 2-тармақ алынып тасталды, атап айтқанда Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып КҚИ АҚЖМС шартын құрған жағдайда жеңілдіктер беру жөніндегі нормалар алып тасталды.